Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады

30 Маусым 2023, 19:01
622
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады

Президентке Шымкентте қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, сондай-ақ жас әншілерді, театр және балет әртістерін оқыту ісі жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы жас таланттарды дайындау, театр репертуарын шетелдік және ұлттық қойылымдармен жаңарту маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майра Мұхамедқызының көп жылдан бері Қазақстанның мәдениет саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, опера әншісіне шығармашылық табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы