Мемлекет басшысы көрші елмен достық пен әріптестікті нығайтатын келісім жасады - сарапшы

20 Тамыз 2022, 15:59
1633
Бөлісу:
Мемлекет басшысы көрші елмен достық пен әріптестікті нығайтатын келісім жасады - сарапшы

Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті Олжас Бейсенбай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сочи қаласына іс-сапары екі көрші елдің достық қатынасын растайтын тағы бір жылы шырайлы кездесу болды деп ойлаймын. Оны  кездесу кезіндегі Ресей тарапының Президентімізді күтіп алу, шығарып салу секілді дипломатиялық рәсімдердегі ықыласынан көруге болады. Президентіміз Санк-Петербугтағы экономикалық форум мен басқа да түрлі іс-шараларға қатысты. Қанша жерден пікір айтылып жатса да, Ресей мен Қазақстан арасында биыл дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр, - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат концепция бекітілген.

Оның ішінде өңірлік басымдықтар, көпжақты қарым-қатынаста Ресей ең алдыңға қатардағы мемлекеттің бірі. Сонымен бірге ол жерге одақтастық қарым-қатынас деп ерекше көрсетілген ауқымды құжаттармен бекітілген. Шекарамыздың делимитациядан өткені туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен еді, - деді Олжас Бейсенбай. 

Өзгелердің жаңалығы