Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алды

13 Шілде 2020, 12:19
2989
Бөлісу:
Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 13 шілде – еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні.  Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де  коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да лауазымды тұлғалар Ақорда резиденциясы алдында коронавирус пандемиясының құрбандарын еске алды.

Рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Оңжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

Бүгін республика бойынша, сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық миссияларының ғимараттарында мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Аза тұту күнінде ойын-сауықтық теле және радио бағдарламалар көрсетілмейді, сол сияқты іс-шаралар да тоқтатылады.

2020 жылғы 13 шілде – Тәуелсіз Қазақстан тарихында тоғызыншы рет белгіленген қаралы күн болып саналады.

Бүгінгі күнге орай ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 (жүз) Құран хатым оқылуда.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 2020 жылдың 13 наурызында тіркелген болатын. Бүгінде ресми дерек бойынша елімізде 59 899 адам вирус жұқтырып, 375 адам қаза тапты.

унсиз.jpg

чур.jpg

федя.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, COVID-19-дың әлем бойынша алғашқы ұшқыны 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. 2020 жылдың шілдесінде коронавирус пандемиясы әлемнің 200-ден астам елін жайлады. Індет бүгінде әлемнің жарты миллионнан астам (570 000-нан астам) адамын жалмады.

унсиз1.jpg

чур1.jpg



Өзгелердің жаңалығы