Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

6 Қаңтар 2025, 11:31
256
Бөлісу:
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды. 20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. 

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар. 

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған. 

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.  

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Өзгелердің жаңалығы