Мемлекет басшысы Қайрат Жолдыбайұлының кітабы туралы пікір білдірді

16 Қараша 2021, 17:06
4256
Бөлісу:
Мемлекет басшысы  Қайрат Жолдыбайұлының кітабы туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Мен жақында дінтанушы, Ұлттық кеңестің мүшесі Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» деген кітабын оқып шықтым. Жастарға өнегелі тәлім-тәрбие беретін мұндай еңбектер елге қажет. Осындай кітаптарды кеңінен таратуымыз керек. Бізде ұшқыр ойлы жастар аз емес. Билік оларды қолдау керек. Оларға жан-жақты жағдай жасауымыз керек. Жалпы азаматтарымыздың ағартушылық жұмыспен көбірек айналысқаны жөн. Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, - деді Тоқаев.

Президент кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келіп, Қазақстан туралы жалған ақпарат тарататынын айтты.

Осындай әрекеттерге қарсы тұру үшін ақпараттық кеңістік арқылы шетелде де, өзімізде де үгіт-насихат жүргізу керек. Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Тәуелсіздік барлығымыз үшін ең қымбат дүние. Оны даңғаза ұрандармен емес, ақылмен, парасаттылықпен, біліммен қорғау қажет. Бұл мақсатқа жету үшін татулық керек. Еліміздің біртұтастығы – реформаларымыздың табысты жүзеге асуының басты кепілі. Біз тәуелсіздік кезеңінде толайым табысқа кенелдік. Оның барлығына бірлік пен ынтымақтастық саясаты арқасында жеттік. Сондықтан бұл құндылықтарды сақтай білейік, - деп түйіндеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы