Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президентін қабылдады

3 Мамыр 2023, 12:51
611
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны ФИФА президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы ФИФА-мен арадағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына жоғары баға берді.

– Сіздің сапарыңыз Қазақстан футболын дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Әлемде ең танымал спорт саналатын футболды дамытуда ауқымды іс атқарып жатқаныңызды білемін. Сіздің еңбегіңізді құрметтейміз және ФИФА президенті ретінде қолдаймыз. Біз ФИФА-мен және жеке өзіңізбен ынтымақтастықты нығайта түсуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 1 миллионнан астам адам футболмен жүйелі түрде шұғылданады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығады.

Джанни Инфинтино ФИФА-ның үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін айтты.

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президентін қабылдады

– Еліңізге бірнеше рет келгенмін, бірақ ФИФА президенті ретінде алғаш рет келіп тұрмын. Осы себепке орай сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл тамаша елдегі әрбір футбол жанкүйері сияқты Сіз де футболды ұнататыныңызды білемін. Біз бірлесе отырып, көптеген ауқымды істерді атқара аламыз. Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге жұмыс істеуміз қажет. Себебі осы елдегі, сондай-ақ басқа елдердегі қоғамды футбол арқылы біріктіру үшін мүмкіндік мол, – деді Джанни Инфантино

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президентін қабылдады

 

Өзгелердің жаңалығы