Мемлекет басшысы елдегі жағдайға толық сараптама жасай білді - Кенжехан Матыжанов

11 Қаңтар 2022, 14:41
1502
Бөлісу:
Мемлекет басшысы елдегі жағдайға толық сараптама жасай білді - Кенжехан Матыжанов

Алматы, BAQ.KZ. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Мәжілістегі сөзіне қатысты ойын білдірді.

Институт директоры Мемлекет басшысы елдегі жағдайға толық сараптама жасай білді деген ойда.

Президент халықтың жанын жегідей жеген күрделі мәселелердің барлығынан хабардар және оны терең зерттеген. Жағдайды жедел сауықтырып, түбегейлі реформалар жасауға дайын екендігін көрсетті.  Ол өзінің елдегі ахуалды толық білетіндігін және оны халықпен бірлесе отырып шеше алатын саяси күш- жігерін айқын танытты,-деп жазды ол.

Сондай-ақ ол іштегі аяқтан шалатындармен алдағы күрес бұдан да қиын болатын сияқты деген ойын жеткізді.

Сондықтан да, қадірлі ағайын, Мемлекет басшысы мен жаңа сайланған Үкімет басшысына халық қолдауы ауадай қажет! Бір болайық, еліміздің тағдыры үшін жұдырықтай жұмыла білейік, Қазақ жұрты!,-деп жазды Матыжанов.

Өзгелердің жаңалығы