Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

17 Қазан 2023, 14:00
372
Бөлісу:
Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
PHOTO
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында энергетика, мұнай химиясы өнеркәсібі және басқа да маңызды салалардағы өзара серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Президентке CITIC Group компаниясы мен Қазақстанның бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

 Біздің тұрақты кездесулеріміз арадағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын білдіреді. Биыл мамыр айында CITIC Construction компаниясы қазақстандық серіктестерімен жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард доллар болатын жобаларды іске асыру жөніндегі 5 құжатқа қол қойды. Маңызды жобалардың бірі – Ақтаудағы Caspi Bitum зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 миллион тоннаға дейін жеткізу. Маған «ҚазМұнайГаз» бен CITIC Group арасында тиісті келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді. Құрылыс саласында мол тәжірибеңіз бар екенін ескерсек, бұл жоба сапалы әрі қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы. CITIC басқарма төрағасы Қазақстан тарапымен өзара тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалады. – Біздің СITIC корпорациясы Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр. Маған және менің әріптестеріме бүгін сізбен жүздесу – зор мәртебе. Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайту, – деді Чжу Хэсинь.

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Бұдан бөлек, кездесу барысында инвестиция және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы