Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады

Бүгiн, 10:00
268
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы