Мемлекет басшысы БҰҰ-ның мінберінен маңызды мәлімдеме жасады – Қазыбек Майгелдинов

21 Қыркүйек 2022, 16:45
1107
Бөлісу:
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның мінберінен маңызды мәлімдеме жасады – Қазыбек Майгелдинов

Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы БҰҰ -ның мінберінен маңызды мәлімдеме жасады. Қазіргі әлемде болып жатқан тұрақсыздық үрдістері, әсіресе көршілес елдердегі қақтығыстар нақ осы мемлекеттердің территориялық тұтастығын қамтамасыз сақтау мәселелері төңірегінде болып жатыр. Солтүстік көршіміз бүгін ішінара жұмылдыру шешім қабылдады. Түсіне білгенге бұл толық жұмылдырудың алғашқы қадамы. Одан қалды ЛХР мен ДХР аумағын қосып алу мақсатында референдум Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты одан әрі өрши түсуіне алып келеді, - деп жазды ол.

Сонымен қатар Орта Азиялық аймақтың өзінде көршілес Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекаралық қақтығыстар да белең алуда. 

Каспий маңында Әзірбайжан мен Армения арасында Қарабақ төңірегінде территориялық жанжал ушығуда. Ең сорақысы - ең көп зардап шегетін қарапайым халық. 
Сондықтан бейбітшілік және келісім бұл біз үшін басты қағидат. Соғыстың алдын алу үшін, болмаған жағдайда оның өрши түсуін тоқтату үшін халықаралық деңгейде Президентіміз барынша ат салысуда. Алайда бұл тұста ел болып қолдау жасаудың маңызын да ұмытпаған жөн. Ішкі тұрақтылықты сақтауға әрқайсымыздың қосар үлесіміз  зор. Осындай турбуленттік кезде ішкі саяси тұрақтылығымызды сақтап қалу маңызды, - деді Қазбек Майгелдинов.

Өзгелердің жаңалығы