Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасының бағыты қайта қаралатынын айтты

21 Қаңтар 2022, 15:01
1571
Бөлісу:
Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасының бағыты қайта қаралатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Болашақ бағдарламасының бағыты қайта қаралады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Жалпы, еліміздегі білім беру жүйесін қайта форматтағым келеді.Біз заңгер мен экономистерді және менеджер мамандықтарын көп оқытамыз. Қазір білім саласын техникалық бағытқа басымдық беру керек.. «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарды техникалық жоғары оқу орындарында оқуға, соның ішінде Ресейге, тіпті ең алдымен, Ресейге жіберетін боламыз, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ елде техникалық бағыттағы беделді шетелдік университеттердің бес филиалын ашу туралы тапсырмасын еске салды.

Жас қазақтар техникалық білімге жақын болуы қажет. Бұл менің терең сенімім. Үкімет осы мәселелердің барлығын жан-жақты пысықтауы керек. Әрбір қаржылық өнеркәсіп тобы заманауи зауыт салып, ауылдардан, қала маңындағы, ірі қалалардан 1000 және одан да көп қарапайым балаларды оқытып, олардың жақсы да адал табыс табуына мүмкіндік берсе, бұл қазірдің өзінде әлеуметтік тұрақтылықтың елеулі кепілі. Бұл бизнестің жауапкершілігінің бірі болуы керек, - деп түйіндеді сөзін Қ.Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы