Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

28 Қыркүйек 2022, 14:45
1304
Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Ри IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ІnDriver компаниясының негізін қалаушысы Арсен Томскиймен де кездесті. 

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Кездесу барысында Арсен Томский  Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты. Компания басшысының айтуынша, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған. Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанды. Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді, - делінген хабарламада. 

Мұнан соң Мемлекет басшысы G42 компаниясының директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесуде ақпараттық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев G42 жасанды интеллект, cloud инфрақұрылымы және Big Data салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы мәліметтер алды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен IT саласындағы адами капиталды дамыту еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы