Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.
Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.
Қазақстан президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде ҚР Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.