Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады

8 Қыркүйек 2022, 14:00
1183
Бөлісу:
Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады

Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады.

Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады. Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің бөлімшелері жұмылдырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде айтылды.

Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.

Президент Премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бір аптада еліміздің 9 өңірінде ауқымды өрт тіркелгендігі туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы