Мемқызметшілер икемді кестемен жұмыс істеуге оң қарайды – Жаиылғанова

14 Қыркүйек 2021, 18:55
3499
Бөлісу:
Мемқызметшілер икемді кестемен жұмыс істеуге оң қарайды – Жаиылғанова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы Дүниежүзілік банкке мемлекеттік қызметті жетілдіру саласындағы Агенттікпен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы және тәжірибесін бөлісуге дайындығы үшін алғыс білдірді.

Анар Жаилғанова Дүниежүзілік банк өкілдеріне Агенттікке қашықтықтан жұмыс істеу бойынша халықаралық тәжірибесімен бөліскені үшін ризашылығын білдіріп, аталған практика Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін қашықтықтан жұмыс істеуді енгізу кезінде негіз болғанын атап өтті.

Өткен жылы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Агенттік Қазақстанның мемлекеттік қызметіне Covid-19 әсері туралы сауалнама жүргізді, оған Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің 55% қатысты. Сауалнама нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің икемді кесте және қашықтықтан жұмыс істеу, сондай-ақ жұмыс процестерін цифрландыру сияқты балама жұмыс жағдайларын енгізуге оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті, - деді Агенттік төрағасы.
Мемқызметшілер икемді кестемен жұмыс істеуге оң қарайды – Жаиылғанова

Сондай-ақ, агенттік басшысы ағымдағы жылдың шілде айында Дүниежүзілік банк ұйымдастырған онлайн семинарға тоқталып өтті. Семинар барысында адами ресурстарды басқарудың цифрландыру мен ақпараттық жүйелеріне баса назар аудара отырып, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың халықаралық тәжірибесімен танысуға, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды реформалаудың басқа да мәселелерін талқылауға мүмкіндік болды.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлер үшін цифрлық жұмыс орнын құруға, оның ішінде iQyzmet платформасының көмегімен стратегиялық кадрлық жоспарлауды енгізуге және ішкі бизнес-процестерді барынша тиімділік пен икемділік жағына қайта қарауға бағытталған агенттіктің алдағы жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сондай-ақ дүниежүзілік банк қолдау көрсете алатын Агенттіктің мемлекеттік қызметті дамыту жөніндегі перспективалық жоспарлары талқыланды.

Өз кезегінде, Дүниежүзілік Банктің Тұрақты өкілі Қазақстанның Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастығы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жеке келісім жасасу мәселесін қарауға дайын екенін білдірді.

                                                





Өзгелердің жаңалығы