Мектепті жарып жібермек болған жасөспірім ұсталды

4 Қыркүйек 2020, 16:23
1979
Бөлісу:
Мектепті жарып жібермек болған жасөспірім ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің тергеу комитеті Красноярск өңіріндегі мектептердің бірінде оқыс жағдайдың алдын алды.

Ресей тергеу комитетінің ақпаратына сүйенсек, ұсталған күдікті 2020 жылдың көктемінде мектеп аумағында лаңкестік әрекетін жүзеге асырмақ болған. 

Осы мақсатын жүзеге асыру үшін ол жарылғыш заттарды жасау жөнінде нұсқаулықты зерделеп, қажетті заттарды сатып алып, төрт жарылғыш зат жасап қойған. Кейіннен оны тұрғын үйге жатпайтын құрылысқа жасырған, - делінген комитет хабарламасында.
Тергеу барысында жасөспірім кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.
Өзгелердің жаңалығы