Мектептерде телефондарға тыйым салына ма? Министрлік жауабы

12 Қаңтар 2021, 14:25
1959
Бөлісу:
Мектептерде телефондарға тыйым салына ма? Министрлік жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылының үшінші тоқсаны тақырыбында өткен онлайн брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова әлеуметтік желілерде мектептерде телефондарды пайдалануға тыйым салуға қатысты таралып жатқан мәселеге тоқталды. 

Әлеуметтік желіде мектептерде телефондарға тыйым салынатыны туралы ақпарат таратылғанын атап өткім келеді. Бұл - шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні бұл норма бұрынғыдай сақталып отыр. Шектеулер болатын болса, онда оны әр мектеп қамқоршылық кеңеспен және ата-аналар комитетімен бірлесіп шешеді. Бұл бұған дейін де болатын. Мұндай өзгерістер бүгінгі күні жоқ, - деді Шолпан Каринова.

Сондай-ақ, заңда жаңа норма пайда болғанын айтты.

Заңда қашықтан оқытуға байланысты өткен жылдың төртінші тоқсанынан бастап жаңа норма енгізілді, - деп айтты ол.
Еске сала кетейік, осыған дейін БҒМ өкілдері сайлау жұмысына тартылған мұғалімдерге қатысты сұраққа жауап берген еді. Сондай-ақ, ЖОО-ның дәстүрлі оқытуға дайындығы туралы айтылды.


Өзгелердің жаңалығы