Мектептерде тексеру жүргізілді: Министрлік алаңдатарлық дерек жариялады

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханалары мен білім беру ұйымдарындағы тексерулерден кейін жаңа бақылау күшейтілетінін мәлімдеді.

Бүгiн 2026, 11:55
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 11:55
Бүгiн 2026, 11:55
233
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда соңғы үш жылда мектептердегі топтық инфекциялық аурулар саны екі есе артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі – білім беру ұйымдары мен жазғы демалыс орындарында санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету.

Бұл жұмыстар инфекциялық аурулардың алдын алуға және балалардың қауіпсіз ортада болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомство мәліметінше, оқу жылы басталғалы бері мектептерде 347 тексеру жүргізілген. Оның ішінде:

  • 150-і жоспарлы;
  • 197-сі жоспардан тыс тексеру болған.

Сонымен қатар 49 мектеп ас блогы тексерілген.

Тексеру барысында мектептердің санитариялық-техникалық жағдайының талапқа сай болмауы және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың жоқтығы сияқты жүйелі бұзушылықтар анықталды, - деді Әлназарова.

Министр бақылау-қадағалау қызметін либерализациялау бойынша бұрын қабылданған шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайға әсер еткенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы жылдары білім беру ұйымдарындағы топтық инфекциялық аурулар саны артқан.

Атап айтқанда:

  • 2023 жылы – 4 жағдай;
  • 2024 жылы – 5 жағдай;
  • 2025 жылы – 8 жағдай тіркелген.

2025 жылы инфекциялық аурулар фактілері Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы және Түркістан облысы аумақтарында тіркелген.

Осыған байланысты биыл Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар нысандарын ерекше мемлекеттік бақылауға алуды көздейтін заңға қол қойған.

Жаңа тәртіпке сәйкес, 1 маусымнан бастап мектептерге мониторинг жүргізу басталады. Ал 1 шілдеден бастап барлық балалар нысандарында жоспарлы тексерулер өткізіледі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық балалар жазда тегін ұша алатыны хабарланды

Наверх