"Мектептерде шабуыл жасалады". ІІМ хабарламаларға қатысты пікір білдірді

5 Ақпан 2024, 17:59
590
Бөлісу:
"Мектептерде шабуыл жасалады". ІІМ хабарламаларға қатысты пікір білдірді
Фото: BAQ.KZ -архив

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстан мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы хабарламаның көбейіп кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте өткен комитет отырысының кулуарында журналистер ІІМ өкілінен өңірлерде мектептерге жасалатын шабуыл туралы істер қалай тергелетінін сұрады.

Бәрі тергеу барысында мұны бір адам немесе бір дерек көзі жасағаны анықталуына байланысты болады. Сол кезде ғана олар біріктіріледі. Ресейде де ұқсас хабарламалар болғанын және олардың мазмұны бірдей екенін айтқым келеді. Бүгінде бір адамның кім екені анықталды. Бірақ ол біздің елде тұрмайды. Бұл ақпаратқа қатысы бар адамдардың бірі. Ол Ақтөбе облысындағы хабарламаға қатысы бар тұлға, - деді Игорь Лепеха.

Сөзінше, Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, мектеп әкімшілігімен жұмыс жүргізіп жатыр.

Кеше әлеуметтік желіде Павлодар мектептеріне белгісіз тұлғалар қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы