Мектептерде оқу жылы 25 мамырда аяқталады

29 Сәуір 2022, 16:03
1381
Бөлісу:
Мектептерде оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын аяқтау мен емтихандарды өткізуге қатысты бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазды.

Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады, - деп жазды ведомство басшысы.

Аймағамбетов 9 және 11 - сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізілетінін айтты. Сонымен қатар мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы