Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мектептегі атыс: АҚШ-та мемлекеттік тулар төмен түсірілді

28 Тамыз 2025, 07:12
519
Бөлісу:
 Global Look Press/Hu Yousong
Фото: Global Look Press/Hu Yousong

Миннесота штатындағы католиктік мектепте болған атыс құрбандарын еске алу мақсатында АҚШ президенті Дональд Трамп ел бойынша мемлекеттік туларды төмен түсіру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік тулар 27 тамыздан бастап 31 тамызға дейін барлық мемлекеттік ғимараттарда, әскери бекеттерде, теңіз базаларында, сондай-ақ шетелдегі елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктерде түсіріледі.

Бұл шешім Миннеаполисте орын алған қанды оқиғаның құрбандарына құрмет ретінде қабылданды.

Бұған дейін АҚШ-тағы католиктік мектепте атыс болып, қаза тапқандар мен жарақат алғандар барын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы