Мектепте жұмыс істемейтін 41 адам 90 миллион теңге жалақы алған

28 Тамыз 2023, 08:40
12350
Бөлісу:
Мектепте жұмыс істемейтін 41 адам 90 миллион теңге жалақы алған
Фото: архив

12 мектептен жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған. Бұл туралы BAQ.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің Атырау облыстық департаменті Превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында сыбайлас жемқорлық бар.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 10-ға жуық дерек анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 адамға жалақы аударылған. Шамамен 90 млн теңге шығын келген, – дейді Жәнібек Қаражанов.

Өзгелердің жаңалығы