Мектепке жол: Балаларды қолдау орталығы оқушыларына көмек көрсетіледі

28 Тамыз 2022, 18:08
2294
Бөлісу:
Мектепке жол: Балаларды қолдау орталығы оқушыларына көмек көрсетіледі

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары мен Қазақстан бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының тәрбиеленушілері мектепке қажетті керек-жарақтары бар портфельдерге ие болады, деп хабарлады BAQ.KZ.

 «Елбасы Академиясы» КҚ «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында елдегі барлық орталықтарға көмек көрсетеді, барлық қамқорлыққа алынған бастауыш сынып оқушыларына кеңсе тауарлары жиынтығы бар портфельдер тапсырылады. «Мектепке жол» Қайырымдылық акциясы Қазақстанда жыл сайын оқу жылының қарсаңында өткізіледі. Мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. 

Біз үшін мұндай акция жыл сайынғы дәстүр. Біз әртүрлі әлеуметтік санаттағы балалармен, соның ішінде өмірлік қиын жағдайдағы балалармен тығыз жұмыс істейміз. Балаларға назар аудару, олардың жалғыз еместігін білдіру, оларға көмекке келетін жандар аз емес екенін көрсету маңызды деп санаймын. Осы акция аясында біз нақты мысалмен қоғамның оларды қолдауға дайын екенін көрсеткіміз келеді. Әрине, осы балалар жобаларымыздың ертеңгі қатысушылары деп үміттенеміз. Қордың қолдауын сезінген бала өзінің болашақтағы дамуына серпін алады деп сенемін, - деді Асланбек Амрин.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының (БҚО) және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының (КБО) тәрбиеленушілері – өмірлік қиын жағдайы бар балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Қазақстанда барлығы 18 БҚО және 10 КБО жұмыс істейді. Бүгіннен бастап 30 тамызға дейін барлық орталықтар қажетті көмек алады. 

 «Елбасы Академиясы» КҚ жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне үздіксіз қолдау көрсетеді. 2021 жылы Qabilet жобасы аясында 5-11 жас аралығындағы 404 тәрбиеленушінің қабілетіне диагностика жүргізілді.

Қор Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесіп «Атамакен» балалар ауылының төрт баласына қолдау көрсетті. Олар Зерде және Мансап күндізгі жеке меншік зияткерлік мектептеріне тегін қабылданды, тыңғылықты дайындалғанының арқасында тәрбиеленушілердің бірі қыздарға арналған «Білім инновация лицейіне» оқуға түсті.

Атырау облысы білім басқармасы мен «Дарын» орталығының қолдауымен осы оқу жылынан бастап отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылының бес баласы  «Zerdeli» жеке орталығына тегін баратын болады.

«Елбасы Академиясы” КҚ Qabilet жобасын іске асырып жатыр. Бұл – оқушылардың  қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметі, ол қабілетті тестілеуді және одан әрі оқыту мен кәсіби даму бойынша кеңес беруді қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы