Мектепке қабылдау туралы өтінішке қатысты жалған ақпарат тарады

20 Мамыр 2022, 14:35
1525
Бөлісу:
Мектепке қабылдау туралы өтінішке қатысты жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнет пайдаланушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында «анасының ЖСН» және «әкесінің ЖСН» жазылатын жолдарға «бірінші ата-ананың ЖСН» және «екінші ата-ананың ЖСН» деп жазылған. 

Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Бұл өтірік.

Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай «ата-ана» немесе «заңды өкіл» деп жазылады», – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Демек, елде «ана» және «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» сөздерімен алмастырылатыны туралы ақпарат фейк болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы