Мектепке келгенде 35 мың теңге айлық алатынмын – мұғалім

22 Сәуір 2021, 18:11
4855
Бөлісу:
Мектепке келгенде 35 мың теңге айлық алатынмын – мұғалім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 66 мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Толқын Бейсекова білім саласындағы реформаға қатысты пікірін білдірді.

Соңғы екі-үш жылда білім саласындағы реформа қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда тенденция жақсы. «Педагог мәртебесі туралы» заңда мұғалімдердің құқығы жан-жақты қорғалған. Жалақы да әлдеқайда өсті. Мен жас маман болып мектепке келгенде 35 мың теңге айлық алатынмын. Қазір ол 10 есеге өсті деп айта аламын, - деді Толқын Бейсекова.

Мұғалімнің айтуынша, осыдан 5-6 жыл бұрын сабақта қолданылатын барлық оқу құралын өздері сатып алатын.

А4 парағы, ашық сабақ кезінде оқушылардың топтық жұмысына қажетті түрлі-түсті қаламдарды өзіміз сатып алатынбыз. Қазір бізге барлығы тегін беріледі. Мұғалімдердің жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасалған. Біліктілікті арттыру бойынша тегін курстарға да қатысу мүмкіндігі зор. Пандемия кезінде педагогтардың мәртебесі артты. Қазір мен кеудемді керіп тұрып, мамандығыммен мақтанамын. Бұрындары «мұғаліммін» деп айтуға қымсынатын болсам, қазір «ұстазбын» деп мақтанышпен айта аламын, - деді ол.

Толқын Батырбайқызы кезінде мұғалімдікті таңдамаған таныстары мұғалімге қайта оқуды ойланып жүргендерін айтты.

Педагогика саласына оқуға түсетіндердің балын жоғарылатты. Сондай-ақ педагогика саласында оқып жүрген студенттердің шәкіртақысы да артты. Бұл да үлкен мәртебе деп ойлаймын. Жастар үшін шабыт деп ойлаймын. Осындай жағдай жасалып жатқанда жұмыс істеу екі есе қуаныш сыйлайды, - деді Толқын Бейсекова.


Өзгелердің жаңалығы