Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің инновациялық әдістері үйретіледі

12 Маусым 2019, 20:47
3246
Бөлісу:
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің инновациялық әдістері үйретіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында «Заманауи талаптар контекстінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту» атты республикалық семинар өтеді.

Еліміздің мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші сарапшылары, ғалымдар мен практиктері тәжірибе алмасу және жас балаларды оқытудың инновациялық әдістерін талқылау үшін елордада бас қосады.

"Республиканың 100-ден астам балабақша оқытушылары мен тәрбиешілері жас балаларды оқытудың инновациялық әдістерін үйренеді. Соның ішінде қазақ және ағылшын тілдерін тиімді оқытуға арналған «Тілдік ортаға бойлау әдісі», балалардың шығармашылық, сыни ойлау, коммуникативтік және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға арналған «Сингапурлық технологиялары», ойын және ертегілер арқылы балалардың ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған «Воскобович технологиялары», қазақ халқының мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталған «этнопедагогика», немістің Кнайп денсаулық сақтау технологиясы және басқа да әдістер ұсынылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар, семинар аясында «мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді басқару», «денсаулықты сақтау және балабақшаларда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты шеберлік-сағаттары, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға арналған заманауи құрал-жабдықтардың республикалық көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Семинарға қатысушылар балабақшадағы цифрландырудың озық тәжірибелерімен танысады.


Өзгелердің жаңалығы