Мектепке дайындық: ата-ана қанша қаражат жұмсайды?

13 Тамыз 2022, 11:00
3000
Бөлісу:
Мектепке дайындық: ата-ана қанша қаражат жұмсайды?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектеп оқушылары қалыпты оқу жүйесіне қайта көшпек. Үш жылғы өзгерістер тек білім жүйесімен қатар көп нәрсені өзгертті. Оның ішінде азық-түліктің де бағасының көтерілуі халықты қысып барады.

Алдағы апталар ата-ананың мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға жанталасар кезі.

Тамыз айында ата-ананың мазасы кетеді. Олардың қазіргі қамы баласын мектепке дайындау. Яғни, , аяқ киім, сөмке, киім-кешек мектепке қажетті құрал-жабдықтары мен  басқа керек-жарағын сатып алулары қажет. Халқымыздың жанына сіңген «өз қатарынан кем қылмайын», «жұрттың баласымен бірдей киінсін»  деп мүмкіндігінше балаларына тәуір киім әперуге тырысады.

Қазір азық-түлік бағасы тұрақсызданып тұрған кезде киім бағасы тіптен көтерілген. Тұрғындардың айтуынша, қазір мектепке киетін бір көйлектің бағасы кемінде  10 мың теңге.  

Балаңыз оқуға дайын ба? Оған қанша қаражат жұмсайсыз? Шамамен қанша кетеді? Бір баланың өзіне жүз мыңдаған қаржы кетсе, үйінде 5-6 баласы барлар бұл мәселені қалай шешеді? Белгілі бір әлеуметтік көмек бар ма?  Осы туралы қала тұрғындарынан сұрап көрдік.

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы