Мектепке балта алып кірген 8-сынып оқушысы ұсталды

3 Қазан 2019, 10:31
3308
Бөлісу:
Мектепке балта алып кірген 8-сынып оқушысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік оқушыны сыныптастары келемеждеген көрінеді, деп хабарланды ria.ru сайтында. 

Облыстық балалар құқығы жөніндегі комиссары Геннадий Прохорычев агенттікке сегізінші сынып оқушысының агрессия көрсеткенін, бірақ мектеп директоры оны тоқтата алғанын айтты. 

Маманның айтуынша, жасөспірім сыныптастарының алдында жай ғана мақтануды көздемеген. Ол кәмелетке толмаған балалар істері жөніндегі комиссияда тіркеуде тұрған. Мектеп те оны тіркеуге қойды. 

«Владимирские ведомости» басылымының хабарлауынша, сыныптастары баланы келемеждеген. Ол үйіне барып, кек алу мақсатында балта алып келген. Жасөспірім бала турникеттен секіріп кеткен, бірақ мектеп күзетшісі оны тоқтатып, полиция қызметкерлерін шақырған. 

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында ресейлік оқушы қыз баланы балтамен ұрған болатын. Оқиға Саратов облысында болған. 12 жастағы оқушы қыз бас-сүйек жарақатын алған. Қыз балаға зақым келтірген жасөспірім дәл сол күні тұтқындалған.

Өзгелердің жаңалығы