Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 15 жастағы жасөспірім екі әйелді тонап кеткен.
ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, алдымен полицияға қарақшылық фактісі бойынша 20 жастағы қыз жүгінген. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, көшеде телефонмен сөйлескен кезде ол кенеттен біреудің оны итеріп жібергенін сезген. Содан кейін белгісіз жігіт оның қолынан ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен.
Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолданыстағы белгілер бойынша күдіктінің жеке басы анықталды. Қарақшы 15 жастағы жасөспірім, астаналық мектептердің бірінің оқушысы болған. Кәмелетке толмаған бала бұрын ешқандай заңға тартылмаған, қиындықтар көрмеген және толыққанды, бақуатты отбасында тәрбиеленеді. Тергеу барысында бұл мектеп оқушысы жасаған тонау фактісі алғашқысы емес екендігі анықталды.
Өйткені қараша айында кешке қарай ол баласымен үйге бара жатқан әйелден қол сөмкесін тартып алған. Ұрланған сөмкенің ішінде жеке куәлік, банк картасы, аз ғана ақша салынған әмиян болған. Кәмелетке толмаған адам тонаудың екі фактісін де мойындады. Сонымен бірге әйелдің ұрлап алған сөмкесін белгісіз жерге лақтырып тастап, телефонынан құтылғанын айтты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда.
Қазіргі уақытта жасөспірім ата-анасына жіберілді. Бірақ одан әрі бақылау үшін ювеналды полиция бөліміне тіркеледі.