Мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырып қойған

28 Шілде 2023, 10:15
1172
Бөлісу:
Мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырып қойған
Фото: Нұркен Алишев

Мектептің есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырғанын анықтады.

Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды, - делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды.

Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы