Ресейде мектеп ауласына қонжық кіріп кетті

8 Тамыз 2019, 19:10
2284
Бөлісу:
Ресейде мектеп ауласына қонжық кіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Магадан қаласында кішкентай қонжық мектептердің бірінде атып өлтірілді. Бұл туралы Ресейдің Магадан облысы бойынша ІІМ басқармасының ресми сайтында хабарланды.

Аңшылық шаруашылығының өкілі мұндай жағдай өте сирек кездесетінін атап өтті.

«Біз видеоны қарап шықтық. Қонжық кіп-кішкентай. Бәлкім, бірдеңеден қорқып, қалаға қарай жүгіріп кеткен болар», - деді ол.

Ұзақ уақыт бойы қонжықтың артынан аңдып жүрген жергілікті полицейлер оны атып тастауға шешім қабылдаған.

«Полицейлер туралы» федералдық заңға сәйкес полицейлер облыс орталығындағы мектеп территориясына кіріп кеткен жыртқыш аңның көзін жойды», - деп хабарлады ведомствоның ақпарат бөлімінің басшысы Ксения Лукина.

Ксения Лукинаның айтуынша, полицейлер бұл қадам тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

Өзгелердің жаңалығы