Мектебіне миллион теңге сыйлаған оқушыға ақшасы қайтарылады

12 Желтоқсан 2021, 12:44
2880
Бөлісу:
Мектебіне миллион теңге сыйлаған оқушыға ақшасы қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БАҚ беттерінде Маңғыстауда 4-сынып оқушысы өз мектебіне миллион теңге сыйға тартқаны туралы ақпарат тарады.

Осыған қатысты Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді.

Маңғыстаулық 4-сынып оқушысының математика сабағында қолдануға арналған құрылғы жасап, білімі мен жігерінің арқасында республикалық байқауда миллион теңге ұтып алғанына қуандым. Дарынды балаларды ынталандыру және олардың мүмкіндіктерін ашу өте маңызды, - деп айтты ол.

Гүлмира Кәрімова 4-сынып оқушысының өз мектебіне құрылғы сатып алғанына қатысты ойын былай деп білдірді.

Оқушы марапатын өз мектебіне интерактивті тақтаны сатып алуға жіберуге ниет білдіргені оның мейірімді жүрегі мен басқа да жақсы қасиеттерін көрсетеді. Бұл ретте, интерактивті тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуы тиіс деп санаймын. Әрине, балалардың өз мектебін қолдауға және дамытуға деген ұмтылысын көтермелеу және қолдау керек, бірақ бұл жағдайда емес, - деп пікірін білдірді Кәрібаева.

БҒМ өкілі атап өткендей, мектептерді заң жүзінде қаржыландыру әкімдіктердің құзырында екенін атап өту қажет. Жергілікті атқарушы органдар қажетті жабдықтарды сатып алу үшін бюджет қаражатын бөледі.

Маңғыстау облысының білім басқармасына зияткерлік сайыста жеңіске жеткен оқушыға ақшаны қайтарып, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қажетті құрал-жабдықтарды алу ұсынылды, - деп айтты ол.
Өзгелердің жаңалығы