Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мексикадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті

18 Қазан 2025, 07:47
518
Бөлісу:
 REUTERS/Henry Romero
Фото: REUTERS/Henry Romero

Мексикадағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 72 адам қаза тапты, тағы 48 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы елдің апат салдарын бақылау жөніндегі үкіметтік порталы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зардап шеккендердің көбі Веракрус штатында тіркелген – мұнда 32 адам көз жұмған. Идальгода 21, Пуэблада 18 және Керетарода бір адам қайтыс болғаны нақтыланды.

Елдің оңтүстік және орталық өңірлері табиғи апаттан ең көп зардап шекті. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, жүздеген адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.

Федералды билік су басқан аймақтарда инфрақұрылымды қалпына келтіру, жолдарды тазарту және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы