Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мексикада жарылыс болып, 8 әскери қызметкер көз жұмды

29 Мамыр 2025, 06:30
731
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Мексиканың Мичоакан мен Джалиско штаттары арасындағы шекарада қолдан жасалған жарылғыш құрылғының жарылуы салдарынан қаза тапқан әскерилер саны сегізге жетті. Бұл туралы El Universal басылымы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға қылмыстық топтар белсенді әрекет ететін аумақта болған. Басылымның мәліметінше, Джалисконың жаңа буыны картелі сынды қылмыстық ұйымдар жарылғыш құрылғыларды орнату үшін бұрынғы колумбиялық сарбаздарды жалдаған.

Қаза тапқандардың барлығы патруль кезінде броньды көлікте отырған. Армия көлігінің жарылғаны осы күннің басында белгілі болды. Оқиға орнына шұғыл көмек көрсету үшін алты ұшақ пен төрт тікұшақ жіберілген.

Бұл — Мексика армиясы үшін соңғы жылдардағы ең ірі шығындардың бірі болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы