Мексикада жанартау атқылады

17 Сәуір 2023, 08:22
864
Бөлісу:
Мексикада жанартау атқылады
Фото: 24.kz

Мексикада әлемдегі ең қауіпті жанартаудың бірі саналатын Попокатепетль оянды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы тәулікте ол 148 рет атқылаған. Түтіннің биіктігі 6 жарым шақырымнан асады. Жанартау ел астанасы Мехикоға жақын орналасқан. Сондықтан билік алдағы уақытта жергілікті әуежай жабылуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Айта кеткен жөн, Мексикада 46 белсенді жанартау бар. Соның алтауы аса қауіпті саналады.

Өзгелердің жаңалығы