Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мексиканың Коауила штатындағы таулы аймақта іскерлік авиация ұшағы Bombardier Challenger 601 апата ұшырады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Бортта 13 адам болған. Bombardier Американың Лас-Вегас қаласынан Монтеррейге қарай ұшқан. Жолаушылар ол жаққа боксшылардың жекпе-жегін көруі үшін бара жатқан."Әуе кемесінің сынықтары әуе бақылауы көмегімен солтүстік муниципалитет Окамподағы алыс таулы зонадан анықталған", - деп мәлімдеді елдің үкіметі.
Коауила үкіметі экипаждың үш мүшесі мен 10 жолаушының тегін хабарлады, олардың бәрі испантілді болған.