Мексикада COVID-19 өршіп тұр

6 Желтоқсан 2020, 07:50
1915
Бөлісу:
Мексикада COVID-19 өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті әлемде әлі де ырық бермей тұр. Джонс Хопкинс университеті келтірген соңғы мәліметке сай бүгінде вирус жұқтырғандардың саны 66 млн-нан асады. Ал көз жұмғандардың қатары 1,5 миллиондай.

Осыған байланысты Мексика билігі тұрғындарды жаңажылдық мереке кезінде сапарға шықпауға шақырып жатыр. Тіпті рождестволық сыйлықпен алмасудан да бас тартулары керек. Бұл – ел президентінің сөзі. Оның айтуынша, қазіргі ахуал онсызда күрделі. Науқастар саны тым көп. Сондықтан Үкімет ауруханалардағы төсек-орын санын мейлінше көбейтіп жатыр екен. 

Тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемейді. Ал Үкімет бұл шаралардың орындалуын тиісті деңгейде қадағаламайды. Менің ойымша, елдегі екінші толқынның басталуына мексикалықтар да, үкімет те жауапты, - дейді Мехико қаласының тұрғыны Исраэль Иглесиас. 
Бразилиядағы жағдай да мәз емес. Сондықтан мұндағы билік те алдағы жаңажылдық мейрамдардан үрейленіп отыр. Бұған қоса жастардың сақтық шараларын елемей, мейрамхана жағалап, көңіл көтергені де үкіметтің алаңдаушылығын тудырған. Сарапшылардың сөзінше, жастар арасында вирус жұқтыру деректерінің артуы елдегі жалпы көрсеткіштің күрт өсуіне түрткі болған.    
Өзгелердің жаңалығы