Меккеге қажылыққа барған 6 адам күннің ыстығына шыдамай қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Сауд Арабиясында сынап бағанасы 48 градусқа дейін көтерілген. Елдің Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша биыл қажылығын өтеуге 1 миллион 800 мың адам тіркелген.
Билік қазір құлшылыққа келгендерге аса сақ болуды ескертіп жатыр. Өйткені синоптиктердің болжамы бойынша аптап аптаның соңына дейін созылады.