Мекемелер дистанциялық жұмысқа көшуге міндетті – министр

16 Наурыз 2020, 17:56
1724
Бөлісу:
Мекемелер дистанциялық жұмысқа көшуге міндетті – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер қызметкер күнделікті атқарып жүрген жұмысын онлайн атқара алатын болса, жұмыс беруші оны қашықтықтан жұмыс істеуге жіберуге міндетті.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Үкімет мүшесінің айтуынша, қызметкерлер жұмысты қашықтықтан атқара алса, дистанциялық жұмыс режиміне көшуге міндетті.
Біріншіден, бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар, мекемелер, егер де олар қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті. Дистанциялық жұмысқа. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі. Егер қашықтық жұмысқа көшкен кезде, жұмыстың еңбекақысын төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмысты атқыру мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауына міндетті және де жалақысы атқарылған жұмыс бойынша өзінің айсайынғы алып жүрген көлемінде төленетін болады, - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Қазақстанда коровирустың жаппай таралуының алдын алу мақсатында мемлекет басшысы ел аумағында төтенше жағдай жариялаған болатын. Осыған орай бүгін халыққа үндеу жолдап, Үкіметке әр сала бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Министр Нұрымбетов халықтың жалақы алу және жұмыс режимі туралы баяндады.
Өзгелердің жаңалығы