Медведев Қазақстанға келді

6 Наурыз 2020, 08:37
1459
Бөлісу:
Медведев Қазақстанға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбі, 5 наурызда Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстан астанасына келді. Бұл туралы РИА Новости Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол екіжақты қатынастардың, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін ел басшылығымен кездесулер өткізеді. 

Жұмада Медведев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп жоспарлануда.
Кездесулер барысында Медведев Ресей мен Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды, – деп хабарлады Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы.

Өзгелердің жаңалығы