Медсақтандыру жарнасын төлемеген қазақстандықтардың саны белгілі болды

12 Мамыр 2021, 18:01
1627
Бөлісу:
Медсақтандыру жарнасын төлемеген қазақстандықтардың саны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Төкежанов 2,9 млн қазақстандық жүйеден тыс қалғанын айтты.

Халықты медициналық сақтандырумен қамтуды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4% -ы медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады. Бұл – 15,9 млн адам. 2,9 млн қазақстандық Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінен тыс қалды, - дейді Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер екен. 

Олардан қандай да бір аударымдар мен жарналар алынды. Алайда тұрақты емес. Соның салдарынан берешек пайда болады да және медициналық сақтандыру мәртебесінсіз қалады. Төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды. Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді. Жыл басында олар бір жарым есе көп болатын. Яғни 1 миллион 428 мың адам еді, - дейді Төкежанов.

Өзгелердің жаңалығы