Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегінің себептері талданды

25 Қаңтар 2024, 15:37
368
Бөлісу:
Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегінің себептері талданды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Арнайы жұмыс тобы медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегінің себептерін талдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Айдар Нұралиев сараптамалық дөңгелек үстел барысында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі мәселесі бойынша құрылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы жұмыс тобының нәтижелері туралы айтып берді.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде мерзімі өткен кредиторлық берешек 22,7 млрд теңгеден 8,8 млрд теңгеге дейін төмендетілді, барлық мемлекеттік медициналық ұйымда желтоқсан айындағы жалақы 2023 жылдың соңына дейін төленді.

Кредиторлық берешек деңгейін төмендету үшін келесі шаралар қабылданды: МӘМС активтері есебінен 58,9 млрд теңге сомасында қосымша қаржыландыру; республикалық бюджетке түзету енгізу аясында ТМККК-ны 57,4 млрд теңге сомасына қосымша қаржыландыру; жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру, - деді Нұралиев.

ӘМСҚ-да тарифтерді индекстеу мен өзектендіруге қатысты мәселелерді шешуге жүйелі шешімдерді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы