Медициналық мекемелерде фото-видео түсіруге тыйым салынады – министр

17 Наурыз 2020, 12:37
3046
Бөлісу:
Медициналық мекемелерде фото-видео түсіруге тыйым салынады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитары, дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулысы күшіне енді. 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа ережелерді таныстырды. 

Енді медициналық мекемелерге тек қызметкерлер ғана кіре алады және бұл ұйымдарда фото-видео түсіруге қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар, бас санитардың жаңа қаулысы бойынша еліміздегі бүкіл медициналық ұйымдарда, әлеуметтік медициналық ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек сол жерде жұмыс істейтін азаматтар кіргізеледі. Басқа кісілер кіргізілмейтін болады. Санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтіледі. Медициналық мекемелерде фото-видео түсіруге қатаі тыйым салынады, - деді денсаулық сақтау министрі.
Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бір күннің ішінде 14 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы Қазақстан бойынша жұқпалы ауруға 27 адам ұшырады. Оның ішінде 2018 жылы туған сәби де бар.

Елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланып, барлық нысанның жұмысына шектеу қойылды.


Өзгелердің жаңалығы