Медицина және физиология бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды

3 Қазан 2022, 18:25
1467
Бөлісу:
Медицина және физиология бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды

2022 жылғы медицина және физиология бойынша Нобель сыйлығы шведтік биолог Сванте Пааобоға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Nobelprize сайты таратқан мәліметке сәйкес, лауреат атағына ғалым адам эволюциясы және геном саласында ашқан жаңалығы үшін лайық деп танылған. 

Пааобо неандерталдықтың ДНҚ тізбегін толықтай зерттеген. Одан басқа, денисовтық адам туралы жаңалық ашып, Алтайдағы Денис үңгірінен табылған жәдігерлер бұрын белгісіз болған гоминид түріне тиесілі екендігін дәлелдеді.  

Ғалым сондай-ақ, неандерталдықтар мен денисовтықтардың гендерінің қазіргі адамдарға берілгенін дәлелдей білген. Африкадан Homo sapiens-тің қоныс аударғанына 70 мың жылдан астам уақыт өтті. Бұл ежелгі ген бүгінгі таңда адамдардың денсаулығы үшін маңызды. Себебі инфекцияға адамзаттың иммундық жүйесі қалай жауап беретінін анықтау үшін оны білу қажет.  

Өзгелердің жаңалығы