Медицина ұйымдарына оттегі стансалары орнатылады – Сағынтаев

23 Шілде 2020, 12:26
1604
Бөлісу:
Медицина ұйымдарына оттегі стансалары орнатылады – Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде қаланың барлық клиникаларында оттегіні орталықтан берілуін жасау қажеттігін айтты.

Сапалы емге әсер ететін факторлардың бірі - ол науқастарды медициналық оттегімен қамтамасыз ету. Осыған байланысты, бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін медициналық ұйымдарға оттегі стансаларын орнату бойынша қалалық бағдарлама қабылданды. Осының арқасында бірінші эшелондағы жатын орындардың 100%-ы оттегімен қамтылады, - дейді әкім. 

Бақытжан Сағынтаев клиникаларда қажетті көлемде станса жұмысын қамтамасыз ете алатын өз оттегі стансасы болса, онда ол жүйені реттеу керегін жеткізді. 
Ол үшін қаржы да бөлінді. 10 қыркүйекке дейін ауыр жағдайдағы науқастармен жұмыс істейтін бірінші эшелондағы 8 клиника орталықтандырылған оттегі беру жүйесінің стационарларымен қамтамасыз етіледі. Екінші кезеңде біз екінші эшелондағы клиникаларды оттегімен қамтамасыз етуге көшеміз, сол арқылы бұл мәселені шешеміз, - дейді әкім.

Өзгелердің жаңалығы