Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза қатаңдайды

Бүгiн, 13:12
121
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенаторлар медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілерін кәсіби міндетін атқару кезінде қорғауды күшейтуге бағытталған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілген түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңның негізгі нормалары:

Жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. 

Қылмыстық кодекс 380-3-баппен толықтырылады 

— «Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық көлік жүргізушісіне қатысты күш қолданамын деп қорқыту не күш қолдану».

Күш қолданамын деп қорқытқаны үшін:
200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл немесе түзеу жұмыстары, 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылады.

Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Күш қолданғаны үшін жауапкершілік: 
өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану — 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда — 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Ауыр зардаптар:

Өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану үшін 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Өзгелердің жаңалығы