Медициналық мекемелер 200-ден астам эпидемиологпен толығады

4 Қыркүйек 2020, 18:02
1428
Бөлісу:
Медициналық мекемелер 200-ден астам эпидемиологпен толығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде  Бағдат Қожахметов айтты.

Пандемия жағдайында кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі 30 мың медицина қызметкері үшін қосымша мерзімді курстар өткізді. Сонымен қатар, медициналық жоғары оқу орындарындағы оқытушылар медицина қызметкерлері үшін тұрақты негізде вебинарлар өткізуде. Соңғы төрт ай ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы және биоқауіпсіздік, инфекциялық емес аурулардың алдын алу және тиімді емдеу курстары бойынша 5 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды, - деді ол.

Ресми өкіл медицина кадрларын қайта даярлау қорытындысы бойынша тамыз айынан бастап медициналық мекемелер 45 эпидемиолог-маманмен толықтырылғанын жеткізді. 

Бірінші қарашаға қарай тағы 205 эпидемиолог пен 165 жедел медициналық жәрдем дәрігері толықтырылады. Биылға арнаған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жұқпалы аурулар және анестезиология және реанимотология мамандықтары бойынша 200-240 орын көлемінде мемлекеттік білім беру гранттарының көлемін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, ресейлік мамандарды тарта отырып, COVID-19-дың барлық кезеңінде сырқаттанушыларға медициналық көмек көрсету аясында 4 өңірдің 200 медицина қызметкері Ресейге барып оқыды. Президенттің бұл бағыттағы тапсырмалары міндетті түрде орындалады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы