Медициналық көмектің сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

15 Қаңтар 2021, 11:00
2670
Бөлісу:
Медициналық көмектің сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында «Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмектің сапасын жақсарту/арттыру» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.

Онлайн кездесуге ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының, ӘМСҚ, РЭДСО, ҰТЕО, ҒЗИ, ҰО, ЖОО өкілдері, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

ҚР денсаулық сақтау жүйесінің негізгі міндеті - халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету. Тиісінше, Жол картасы шеңберінде халыққа бейінді медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту көзделген.

Талқылау барысында республика аумағында халыққа медициналық көмектің сапасын жақсартуға/арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасының тұсаукесері, Жол картасы іс-шараларының іске асырылуын мониторингілеу және талдау, ақпаратты ұсыну мерзімдері ұсынылды.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды 2020-2025 жылдарға арналған халыққа медициналық көмектің сапасын жақсартуға және арттыруға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру жобасымен таныстырды. Медициналық көмектің сапасын өлшеу үшін «Халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттануы» нысаналы индикаторы ұсынылады, ол 2025 жылға қарай медициналық көмектің барлық деңгейлерінде (стационарлық, амбулаториялық және оңалту деңгейінде) 75%-ға жетеді.

Медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі Жол картасы үш бөлімнен тұрады:

- адами ресурстардың сапасын арттыру;

- пациентке бағдарланған медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

- барлық деңгейде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Құжатта сондай-ақ іс-шараларды іске асыруға жауаптылар көрсетілген. Талқылауға 100-ден астам адам қатысты. Отандық инновациялық технологияларға және оларды енгізу тетіктерін әзірлеуге қойылатын талаптарға қатысты мәселелер көтерілді. Қатысушылар индикаторларды жақсарту немесе шекті деңгейді өзгерту және оқыс оқиғалардың алдын алу және оған жол бермеу бойынша уақтылы шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты. Халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттану индикаторымен қатар «медицина қызметкерінің (дәрігердің, медбикенің) қанағаттануы» нысаналы индикаторын енгізуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы