Медеу мұз айдынында қаладағы алып байрақ көкке көтерілді

4 Маусым 2023, 11:10
633
Бөлісу:
Медеу мұз айдынында қаладағы алып байрақ көкке көтерілді
VIDEO
Фото: автордан

Алматыда Рәміздер күніне орай Медеу мұз айдынында қаладағы алып байрақ көкке көтеріліп Әнұран шырқалды, деп хабарлайды Алматыдығы BAQ.KZ тілшісі.

Байрақ мемлекеттік Әнұран шырқалғанда тұғырға көтерілді. Ту көтеру рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жастар мен еріктілер де жиналды.

Медеу мұз айдынында қаладағы алып байрақ көкке көтерілді

Алатаудың бөктерінде ту көтеру рәсіміне жиналдық. 15 000 астам жастар қатысып жатыр. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Бүгін елдігімізді ардақтайтын айтулы күн. Рәміздерді келешек ұрпаққа ардақтап, насихаттау керек. Бүгін қазақстандықтарды, әсіресе алматылықтарды мерекемен құттықтаймын, - дейді Алматы қаласы Қоғамдық кеңестің мүшесі Қайыржан Абдіхалықов.

Медеу мұз айдынында қаладағы алып байрақ көкке көтерілді

15 000 мыңнан аса адам Әнұранды шырқады. Мерекелік шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы