Мажоритарлы жүйе бойынша ең көп кандидат – Астана округтерінде

19 Ақпан 2023, 17:43
1918
Бөлісу:
Мажоритарлы жүйе бойынша ең көп кандидат – Астана округтерінде

ОСК-да бірмандаттық округтер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

18 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 29 округ бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары келесідей. Барлығы 435 үміткер тіркелген. Бір мандатқа орта есеппен 15 адам болып отыр, – деді Орталық сайлау комиссясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Ол ең жоғары бәсекелестік республикалық маңызы бар қалаларда екенін жеткізді.    

Ең жоғары бәсекелестік Астана қаласының 41, 42 кандидаттан болатын №1, №2 округтерінде болып отыр. Алматы қаласы бойынша да  №3, №4 және №5 сайлау округтерінде 37, 33 және 34 кандидат тіркелді. Ең төмен бәсеке - Түркістан облысының №25 сайлау округінде. Онда 5 кандидат тіркелді, - деді Константин Петров.

Кандидаттардың 80,46 пайызы – ерлер және 19,54 пайызы – әйелдер. Ал орташа жас мөлшері 49,34-ті құрайды. Оның ішінде ең жас кандидат Алматы қаласында тұрады, 1997 жылғы. Ең кәрісі 1942 жылы туған. Сондай-ақ 10 ұлт өкілдері кандидаттарынан құралған.

Айта кетейік, 359 үміткер немесе 82,53 пайыз депутат өз-өзін ұсынған, Ал 76 кандидат немесе 17,47 пайыз үміткер 7 саяси партия атынан ұсынылды. 

Өзгелердің жаңалығы